Астанада жүкті әйелді құтқарғаны үшін марапатталған полицейдің не үшін ұсталғаны белгілі болды

0
549

2021 жылы 3 қыркүйекте елордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалған еді.


Астанада жүкті әйелді құтқарғаны үшін марапатталған полицейдің не үшін ұсталғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп жазады stan.kz.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, рота командирі азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері "Ж" арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара бермек болды деп күдікке ілінген.

"Ж" прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған.

"8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп жазды ведомстводан.

Бұған дейін Астана сотының ІІМ басшысы марапаттаған елордалық полицей Алмаз Құлтановты тұтқындалғаны белгілі болған.

Айта кетейік, 2021 жылы 3 қыркүйекте елордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалған еді.

Полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызметте болған кезінде сағат 12.20 шамасында "Рамстор" СҮ ауданы маңындағы Есіл өзенінің көпірінен секірген әйелді көрген. Құлтанов ойланбастан оның артынан секірген. Ал кейін ІІМ басшысы жүкті әйелді суицид жасаудан құтқарған полицейлерді марапаттады.