Ашылу барысында 300 түп ағаш отырғызылды, арнайы техника көрмесі мен тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды.
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Жаңа аллея аудан тұрғындары үшін демалыс орны ғана емес, сонымен қатар ел дамуына жұмысшы мамандардың қосқан үлесін насихаттайтын символдық кеңістікке айналды.
Сквер аумағы жаңартылып, балалар алаңдары, спорттық жаттығу орындары, көлеңкелі шатырлар мен арт-ғимараттар ерекше әсер береді.
Шақырылған суретшілер іс-шара барысында жұмысшы мамандық иелерінің портреттерін live форматында салды.
Айта кетейік, биыл елордада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылып жатыр. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтыды. Қазіргі таңда бұл жұмыстың басым бөлігі аяқталды.