Астанада жүргізушісіз электромобильдер сынақтан өткізілді (ВИДЕО)

0
61

​Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын төтенше тежеу жүйесіне ерекше назар аударылды.


Астанада жүргізушісіз электромобильдер сынақтан өткізілді (ВИДЕО)

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Астанада автономды басқарылатын электромобиль көрсетілді. Оның видеосын жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун желідегі парақшасында жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Елімізде пилотсыз көлікті енгізу жөніндегі жол картасын орындау аясында Астана қаласында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (арнайы ХҚКО) аумағында дербес басқарылатын электромобиль көрсетілді», - деп жазды ол.

Демонстрация барысында автономды басқару жүйесінің, навигациялық шешімдердің және жол инфрақұрылымы элементтерін тану технологияларының жұмыс істеуі көрсетілді.

«Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын төтенше тежеу жүйесіне ерекше назар аударылды: автомобиль кедергілерді, соның ішінде адамдарды тануға және оларға қауіпсіз жауап беруге қабілетті. Жоба автономды көлік технологияларын еліміздің көлік жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуге бағытталған», - деп түсіндірді вице-министр.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы, Астана, Алматы, Алатау және Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктері, сондай-ақ Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті қатысты.