Астанадағы аурухана блогерді түсік тастаған науқас туралы жазбасы үшін сотқа бермек

0
132

​Директордың айтуынша, пациент әрбір бір жарым-екі сағат сайын бақылауда болған.


Астанадағы аурухана блогерді түсік тастаған науқас туралы жазбасы үшін сотқа бермек

instagram.com/bisa_business

ERNUR.KZ. Астанада дәрігерлер баласынан айырылған науқас жайлы оқиғаны әлеуметтік желіде жариялаған блогерді сотқа беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы аурухана директоры Изат Бюрабеков мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Изат Бюрабековтың айтуынша, әлеуметтік желіде тараған ақпарат "асыра сілтеп" жазылған, ал жүктілікті сақтау медициналық себептерге байланысты мүмкін болмаған.

"Науқас әйел 25 шілдеде сағат 21:54-те жүктіліктің үзілу қаупімен ауруханаға түсті. Біз жүктілікті сақтап қалуға тырыстық, бірақ, өкінішке қарай, кей жағдайда әйел ағзасы емдік шараларға жауап бермейді. Бұл жағдайда ұрықтың түсу процесі жалғасты, қарапайым тілмен айтқанда, түсік тастады. Мұндай жағдайлар жүктіліктің ерте кезеңінде жиі кездеседі", – деді Бюрабеков.
"Әйел жаңа туған баласынан айырылды деп айту – дұрыс емес. Бұл ұрық болған", – деді дәрігер.
Директордың айтуынша, пациент әрбір бір жарым-екі сағат сайын бақылауда болған. Сондай-ақ, науқастың өзі бақылаушы органдарға шағымданудан бас тартқан.
"Ал жазба салған блогерге қатысты сотқа талап арыз әзірлеп жатырмыз. Айтпақшы, бұл блогер кейін барлық жариялаған жазбасын өшіріп тастады – біздің араласып немесе өтініш жасамай-ақ", – деп толықтырды ол.

Tengrinews.kz тілшісі жазба авторы – блогер Айсулу Алпыспаевадан да пікір алған. Қыз ауруханаға жүгініп, дәрігерлерден талап арызды қайтарып алуды сұрайтынын айтты.

"Егер шынымен де талап арыз берілсе, мен оны қайтарып алуды сұраймын. Себебі бұл жағдай бойынша Диана (науқас әйел) мені барлық жазбаны өшіруге өзі өтінді, осындай жағдайлардың алдын алу үшін. Алайда егер аурухана талап арыз бермек болса немесе беріп қойған болса, дәл қазір қасымда отырған Диана бұл тақырыпты әрі қарай көтеруге мәжбүр болады. Біз де заңгерлерді тартуға мәжбүр боламыз. Және көпшілік бізді қолдайтынына сенімдіміз", – деді блогер.