Санжар Әділов себебін түсіндірді.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанадағы 14 жастағы оқушы қыздың өлімі бойынша қылмыстық істің неге тоқтағанын түсіндірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Бұл факт бойынша ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілді. Мәйіттің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Қазір іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», - деді Санжар Әділов.
Өткен қыркүйекте елордадағы қаңыраған ғимараттардың бірінің жанынан қыз баланың мәйіті табылған еді.