Астанадағы кафеде газ баллон жарылып, алты адам зардап шекті

0
458

60 шаршы метр аумақ қираған, ал өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыған.


Астанадағы кафеде газ баллон жарылып, алты адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Астанада Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, кейіннен қирап, өртенді, деп жазады zakon.kz.

60 шаршы метр аумақ қираған, ал өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды.

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізіп жатыр.