Астанадағы LRT-да жол жүру ақысы белгілі болды

0
91

Бұған дейін тұрғындармен кездесу барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-да жол жүру ақысы шамамен 200 теңге болуы мүмкін деген еді.


Астанадағы LRT-да жол жүру ақысы белгілі болды

Фото: ©Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

ERNUR.KZ. Астана әкімдігі жеңіл рельсті көлікте (LRT) жол жүру тарифтері туралы қаулы жобасын жариялады. Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп жазады tengrinews.kz.

Құжатта Астанада жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар мен багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау үшін келесі тарифтерді белгілеу ұсынылады:

  • қолма-қол және қолма-қолсыз төлем кезінде – 200 теңге;
  • жеңілдетілген көлік картасымен төлеу кезінде – 0 теңге.

Жоба түсіндірмесіне сәйкес, жекелеген санаттағы астаналық тұрғындар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған. Электронды атаулы картаның түпнұсқасы жол жүру ақысын төлеуден босатуға негіз болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тұрғындармен кездесу барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-да жол жүру ақысы шамамен 200 теңге болуы мүмкін деген еді.