Астанадағы LRT-ға бір күнде мінген жолаушылардың саны жарияланды

0
81

Қоғамдық көліктің жаңа түрі 16 мамырда түстен кейін іске қосылған болатын.


Астанадағы LRT-ға бір күнде мінген жолаушылардың саны жарияланды

фото: Пресс-служба президента Казахстана

ERNUR.KZ. Астанада жаңадан іске қосылған LRT-ға бір күнде мінген жолаушылардың саны жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Қоғамдық көліктің жаңа түрі 16 мамырда түстен кейін іске қосылған болатын. Сол күні стансаларда адам кептелісі байқалды.
CTS компаниясы кеше толық бір күннің ішінде LRT-ға мінген жолаушылардың санын жариялады.
"Кеше 100 мың жолаушы болды. Бұл жобалық өткізу мүмкіндігінен жоғары. Қазір жолаушылар ағыны екі есеге азайды", - дейді компанияның басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
Оның айтуынша, 16 мамырды қоса есептегенде LRT-ны пайдаланған жолаушылардың жалпы саны 180 мың адамға жеткен.