Астанадағы теміржол ауруханасы 22 қабатты ғимаратқа көшіріледі

0
530

Ескі аурухана аумағында жаңа перзентхана салынады.


Астанадағы теміржол ауруханасы 22 қабатты ғимаратқа көшіріледі

ERNUR.KZ. Астанадағы теміржол ауруханасы 22 қабатты "Рамада плаза" қонақ үйінің ғимаратына көшіріледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде теміржол ауруханасы апатты жағдайда тұр. Бұған дейін бір бөлігіне күрделі жөндеу жасалған болатын.
"Бірақ қалған корпустары жарамайды. Ал оны бұзып, қайтадан салу үшін 60-65 миллиард теңге қажет. Біріншіден, уақыт кетеді, ақша да керек. Сондықтан біз дәрігерлерді "Рамада плазаға" (бұрынғы қонақ үй – Sputnik) көшіру туралы ұсынысты қарап жатырмыз. Теміржол ауруханасын ауыстыру үшін ғимараттың ішінде операциялық блок және тағы басқа бөлмелерді жасау қажет. Сосын қосымша құрал-жабдықтар керек болады. Бірақ жаңа аурухана салғанша солай істеген тиімді", - деді Көлгінов мәслихат отырысында.
Әкімнің айтуынша, ескі аурухана аумағында жаңа перзентхана салынады.