Астанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді

0
227

Парадқа 200-ден астам әскери қызметтегі нәзік жандылар қатысады.


Астанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді

фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Құрлық әскерлері "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен 170-тен астам әскери қызметшісі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады, деп жазады sputnik.kz.
Ақтау гарнизонында қызмет етіп жатқан офицерлер, сержанттар және мерзімді қызметтің 160 сарбазы елордадағы Қазақ елі алаңында өтетін салтанатты шеруде сап түзейді.
"Парадқа қатысушылар барлық жағынан мұқият іріктеуден өтті. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Өйткені әскери шеру – бейбітшілік үшін өз жандарын құрбан еткен батырларға деген құрмет, – дейді теңіз жаяу әскері бригадасы командирінің орынбасары Берік Алманиязов.
Теңіз жаяу әскері елордада уақытша орналасатын жерге жеткізілді.

Айта кету керек, әскери шеруге қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 4000-нан аса қызметшісі қатысады. Оның ішінде 200-ден астам әскери қызметтегі нәзік жандылар да бар.

Сондай-ақ парадқа 200-ден аса әскери техника мен авиация қатысады.