2026 жылғы бес миллионыншы жолаушыны "Нұрлы жол" вокзалында қарсы алды.
фото: пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
ERNUR.KZ. 2026 жылғы бес миллионыншы жолаушыны елордалық "Нұрлы жол" теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды, деп жазады sputnik.kz.
Мерейтойлық билет әжесімен бірге Алматыдан Астанаға №9/10 пойызбен сапар шеккен 12 жасар Келдібек Нұрдәулет үшін сатып алынған.
Салтанатты жағдайда пойыз бастығы бес миллионыншы жолаушыны құттықтап, оған жеміс себетін, iPad гаджетін және сымсыз құлаққапты табыстады.
"Бұл біз үшін нағыз тосын сый болды. Бұндай жылы қабылдауды күткен жоқпыз. Біз әрқашан сіздердің пойыздарыңызды саяхаттау үшін таңдаймыз. "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығы мен ұжымына зейіні, қамқорлығы және керемет сыйлықтары үшін алғыс айтамыз", - деп атап өтті жолаушы әжесі.
Айта кетері, бес миллионыншы жолаушы жол жүру құжаттарын есепке алу және ресімдеу жүйесінің көмегімен автоматты түрде анықталды.


