Астананың қақ ортасында ер адам мен әйелдің әрекеті жұртты шошытты – видео

0
915

​Тексеріс кезінде 44 жастағы ер адам мен 50 жастағы әйел астанаға Жамбыл облысынан келгені анықталды.


Астананың қақ ортасында ер адам мен әйелдің әрекеті жұртты шошытты – видео

ERNUR.KZ. Полицейлер Қонаев көшесіндегі "Қазмедиа орталығының" маңын қоршады. Бұл ғимаратта республикалық телеарналар мен радиолар орналасқан. Ер адам мен әйел астананың қақ ортасында от жақты, деп жазады sputnik.kz.

"2 желтоқсан күні 16.16-да "102" нөміріне жол үстінде ер адам мен әйел от жағып, плакат ұстап тұрғаны туралы хабар түсті. Қолдарында еріткіш сұйықтық болған", - деді қалалық полиция департаментінде.

Полиция олардың қоғамдық тәртіпті бұзғанын айтып отыр.

Тәртіп сақшылары ер адамды оттан алшақ итеріп жіберіп, қолындағы сұйықтықты алып қойған.

"Тексеріс кезінде 44 жастағы ер адам мен 50 жастағы әйел тұрмыстық мәселе бойынша астанаға Жамбыл облысынан келгені анықталды", - деді ведомствода.

Олардың бұл әрекеті әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі және 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес қаралады.