Жезөкшенің қызметі Астанадағы алып шолу дөңгелегінің жанында көрініс тапты.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Астананың қақ ортасында жезөкшенің қызметін жарнамалағандар жазаланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жезөкшенің қызметі Астанадағы алып шолу дөңгелегінің жанында көрініс тапты. Оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаменті түсініктеме берген.
«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында LED-экранда әдепсіз мазмұндағы жазуы бар хабарландырудың орналастырылғаны анықталды. Аталған факт тіркеліп, компания өкілдерінің қатысуымен тексеру жүргізілді.
Хабарландыру жарияланған сәтте компания басшылығы құқықбұзушылықтың Wi-Fi желісін бұзу арқылы жасалғанын түсіндірді. Аталған факті бойынша материалдар жарнама туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мақсатында жергілікті атқарушы органға жолданды», - дейді Полиция департаментінің берген түсініктемесінде.
Айта кетейік, осыған дейін Астананың қақ ортасында жезөкшенің жарнамасы жарияланғаны әлеуметтік желілерден белгілі болған.