Жол бойында оқ ату дерегі Ақтөбеде бұрын да тіркелді. 6 сәуір күні Мәскеуден Қырғызстанға бағыт алған шағын автобусқа оқ атылып, жолаушының ақшасы мен алтын бұйымдарын тонап кеткен болатын.
Ақтөбе-Орынбор тасжолында 52 жастағы КамАЗ көлігінің жүргізушісін белгісіз біреулер атып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«19 сәуір күні Ақтөбе-Орынбор тасжолының 35 шақырымында КамАЗ көлігінен 52 жастағы жүргізуші Валерий Морозовтың мәйіті табылды. Ол оқ жарақатынан көз жұмған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеуге байланысты өзге ақпарат құпия ұсталады. Ал облыстағы тасжолдарда патрульдік қызмет күшейтілді. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жол бойында оқ ату дерегі Ақтөбеде бұрын да тіркелді. 6 сәуір күні Мәскеуден Қырғызстанға бағыт алған шағын автобусқа оқ атылып, жолаушының ақшасы мен алтын бұйымдарын тонап кеткен болатын. Жолаушы ауруханада ем қабылдап, еліне жіберілді. Ал тергеу жалғасып жатыр.