Ақтөбе қаласында су тасқынының алдын алу үшін өзен арнасы тазартылып жатыр. Жаман Қарғалы өзенінің арнасын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан 51 жастағы тракторшы оқиға орнында қаза болған.
фото: inform.kz
Ақтөбе қаласындағы Жаман Қарғалы өзенінің арнасын тазартып жүрген 51 жастағы тракторшы оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта еңбек инспекторлары тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе қаласында су тасқынының алдын алу үшін өзен арнасы тазартылып жатыр. Жаман Қарғалы өзенінің арнасын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан 51 жастағы тракторшы оқиға орнында қаза болған. Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасының инспекторлары оқиға орнына барып, себебін анықтап жатыр. Ал судан құтқарушылар шақыру болғанымен, құлаған бульдозерді жұмысшылар өз күшімен шығарғанын айтып берді. «Оқиға 31 наурыз күні тіркелді. Бізге шақыру түсіп, жедел құтқару тобы жолға шыққан кезде оларды кері қайтаруға тура келді. Себебі, жұмысшылар өз күшімен бульдозерді судан шығарып алған. Бульдозер құлап, жүргізуші ішінде жаншылып қалған. Ол суға кеткен болып есептелмейді»,- деді ТЖД жедел құтқару тобының жетекшісі Оксана Кичигина.