Түрлендіру барысында АТФБанктің барлық сервистері жұмысын стандартты режимде жалғастырады. Клиенттер үшін АТФБанктің қолданыстағы қызметтеріне қолжетімділік толықтай сақталады.
Jýsan Bank пен АТФ банк акционері Ғ.Есенов Jýsan Bank-тің АТФ банк акциясының 99,76 пайызын сатып алуы туралы алдын ала келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қол қойылған келісім шеңберінде 2020 жылдың қараша айында тараптар АТФБанк акцияларын сатып алу-сату шартын жасасуға ниетті, деп мәлімдейді Jýsan Bank баспасөз қызметі.
"Түрлендіру барысында АТФБанктің барлық сервистері жұмысын стандартты режимде жалғастырады. Клиенттер үшін АТФБанктің қолданыстағы қызметтеріне қолжетімділік толықтай сақталады", - деп жазылған ақпаратта.
Jýsan Bank First Heartland Securities инвестициялық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Jýsan Bank, дәстүрлі банктік сервистердің кең желісінен басқа, Jýsan қаржы тобы компанияларының өнімдері мен қызметтерін: Jýsan Invest брокерлік қызметтерін және Jýsan Garant сақтандыру қызметтерін біріктіреді.
АТФБанк Қазақстанның ең ірі банктерінің қатарына кіреді. Өзінің 25 жылдық тарихында АТФБанк үкіл Қазақстан бойынша Private Banking клиенттері мен корпоративтік секторға арналған банктік қызметтердің толық спектрін көрсетеді.