Әділет министрлігі адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, сот сарапшылары және патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметін лицензиялауға уәкілетті орган болып табылады.
ERNUR.KZ. ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың ОКҚ брифингінде айтуынша, бұрын аттестаттау рәсімі екі кезеңнен тұрған: компьютерлік тестілеу және аттестаттау комиссиясының алдында міндетті ауызша сұхбат.
«Қайта инжиниринг нәтижесінде екінші кезең – ауызша сұхбат алынып тасталды. Оның орнына ситуациялық компьютерлік кейстер мен тапсырмалар жүйесі енгізілді, ол кандидаттың практикалық білімін және құқық қолдану қабілетін бағалайды» – деді вице-министр.
Ал, авторлық және сабақтас құқықтарды басқару үшін QazCopyright жобасы әзірленді. Цифрлық платформа – Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РҒП-мен бірлесіп дайындалған жоба. Платформа шығармаларды, авторларды және құқық иеленушілерді бірыңғай тізілімге біріктіреді, шарттарды автоматтандырады және сыйақыны бөледі. Негізгі пайдаланушылар: авторлар мен құқық иеленушілер; ұжымдық басқару ұйымдары; бизнес-пайдаланушылар. Оның негізгі функцияларына ЭЦҚ, eGov немесе SMS арқылы авторизация, ISRC/ISWC халықаралық кодтары бар бірыңғай реестр, автоматтандырылған тарифтер мен биллинг және икемді келісім-шарт түрлері жатады.