​Атырау әкімдігі ​ тұрақтандыру ​ қоры арқылы төмен бағадағы көкөністерді сатылымға шығарды

0
2 289

Қазіргі таңда «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының балансындағы Тұрақтандыру қорында жергілікті көкөніс өнімдері сақталып отыр.


​Атырау әкімдігі ​ тұрақтандыру ​ қоры арқылы төмен бағадағы көкөністерді сатылымға шығарды

«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен арада жасалған келісімге сәйкес, қазіргі таңда картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат облыс орталығындағы «Насиха», «Көктем», «Сарайшық» базарлары арқылы сатылымға шықты» деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының балансындағы Тұрақтандыру қорында жергілікті көкөніс өнімдері сақталып отыр.

«Жергілікті «Агрофеликс» шаруа қожалығымен арада жасалған келісім-шартқа сәйкес, қоймада
361, 777 тонна - картоп, 79, 952 тонна – пияз, 49, 256 тонна – сәбіз, 114, 581 тонна – орамжапырақ
сақталып отыр. Барлық өнімдер «Насиха», «Көктем», «Сарайшық» базарлары арқылы сатылуда» дейді «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Мемлекеттік жобаларды іске асыру департаменті директорының міндетін атқарушы Гүлмира Меңдалиева.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта аталған базарларда картоп келісі 94 теңгеден, пияз 81 теңгеден, сәбіз 91 теңгеден, орамжапырақ 92 теңгеден сатылып жатыр.

Бұған дейін хабарланғанындай, «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Идеал маркет» ЖШС-мен арада биылғы жылдың 5 мамырында 400 миллион теңгеге келісім-шарт жасасты.

Келісімге сәйкес, аталған серіктестіктің 36 супермаркет желісі арқылы әлеуметтік маңызы зор тағамдар 15 аталым бойынша сатылуда. Атырау облысы әкімдігі бекіткен тауарлардың бағасы нарықтан 10-15 пайызға төмен.

Әлеуметтік маңызды тауарлар қатарына бірінші сұрыпты бидай ұны, нан, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, сары май, бірінші санатты тауық жұмыртқасы, ас тұзы, майлылығы 5-9 пайыздық ірімшік және көкөністің бірнеше түрі енгізіліп отыр.