Атырау облысына Pfizer вакцинасының 32 760 дозасы жеткізілді

0
369

Атырау облысында Pfizer вакцинасын 76 мың адам алатынын , кейіннен балаларға емханада салынатынын хабарланған болатын.


Атырау облысына Pfizer вакцинасының 32 760 дозасы жеткізілді

ERNUR.KZ. Атырау облысына Pfizer вакцинасының 32 760 дозасы жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцинаның І және ІІ компонентіне арналған дозалары бүгін, 19 қарашада облыстық фармацевтикалық қоймаға жеткізілген.

«Атырау облысына 9 қарашада вакцинаны сақтауға арналған екі мұздатқыш әкелінген болатын. Енді бүгін Pfizer вакцинасын егу басталады. Вакцина алдын ала берілген тізімге сәйкес ерікті түрде салынады. Бұл вакцинаны алу үшін тұрғылықты мекен-жайына байланысты тіркелген емханаға жүгіну қажет», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында Pfizer вакцинасын 76 мың адам алатынын , кейіннен балаларға емханада салынатынын хабарлаған едік.