Атырау облысында 14 жастағы оқушы суицид жасады

0
476

Оқушы суицид жасаған сәтте үйінде жалғыз болған.


Атырау облысында 14 жастағы оқушы суицид жасады

ERNUR.KZ. Атырау облысыны Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылында 19 қараша күні 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп жазады sputnik.kz.

Оқушы суицид жасаған сәтте үйінде жалғыз болған. Ата-анасы шаруалармен шығып кеткен. Ал бауырлары үйде болмаған. Кеш бата баласын іздеген ата-ана оның ұялы телефонына хабарласқан. Телефон қоңырауы үйдің шатырынан шыққан. Шатырға шыққан олар жасөспірімнің өлі денесін тапқан.
"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша "суицидке жеткізу" бойынша тергеу жүріп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.