Аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.
Фото: Атырау облысы ПД
ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Мақат ауданының аумағында жеңіл көлік аударылып қалды. Жол апатының салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 қарашада таңғы сағат 05:30 шамасында болған.
"Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы" бағытындағы жолдың 480-шақырымы Subaru Legacy маркалы автокөлігі аударылды. Көліктің аударылуына 46 жастағы жүргізушінің рульді игере алмағаны себеп болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алды. Алайда, ол оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.