Атырау облысындағы Талдыкөл ауылында тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды

0
651

Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақханасы базасында адамдар эвакуациялау пунктіне орналастырылады.


Атырау облысындағы Талдыкөл ауылында тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды

ERNUR.KZ. Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында су басу қаупіне байланысты мәжбүрлі эвакуациялау басталды, деп жазады stan.kz.

Атырау облысы төтенше жағдайларды жою штабы Талдыкөлдегі халықты толық эвакуациялап жатқанын мәлімдеді.

"Толық эвакуациялау туралы шешім су басу қаупінің күшеюіне байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды", – делінген хабарламада.

Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақханасы базасында адамдар эвакуациялау пунктіне орналастырылады. Немесе туыстарының үйінде де болуға рұқсат.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Талдыкөл ауылына 59 әскери қызметкер, төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техника жұмылдырылды.

Талдыкөлдің 207 тұрғыны бұрын Атырауға эвакуацияланса, тағы 422 адам өз еркімен туыстарында қалды.