Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
ERNUR.KZ. Жылыой ауданы Құлсары қаласында арнайы техника бұрылып жатқанда автобуспен соқтығысып, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп жазады inform.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан арнайы техника бұрылып жатқан кезде «Yutong» автобусының терезелерін сындырғанын байқауға болады. Салдарынан жарақат алған үш жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.


