Атырауда балаларды зорлаған ер адамның жаназасына жүздеген адам жиналды: Олар оның не үшін сотталғанын білмеген

0
106

22 наурызда Атырау облысындағы бір колонияда сотталғандар арасында жанжал болып, соның салдарынан 51 жастағы тұтқын қаза тапты.


Атырауда балаларды зорлаған ер адамның жаназасына жүздеген адам жиналды: Олар оның не үшін сотталғанын білмеген

Фото: Freepik.com

ERNUR.KZ. Атырауда түзеу мекемесінде болған жанжал салдарынан қаза тапқан сотталғанмен қоштасу рәсімі өтті, деп жазады stan.kz.

22 наурызда Атырау облысындағы бір колонияда сотталғандар арасында жанжал болып, соның салдарынан 51 жастағы тұтқын қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ер адамды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 25 наурызда Иманғали орталық мешітінде өтті. Куәгерлердің айтуынша, жаназа намазына жүздеген адам жиналған. Ал жаназаға келгендердің көбі оның қандай қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқанын білмеген көрінеді.

Дұғадан кейін қаладағы ірі банкет залдарының бірінде ас берілген. Кейін марқұмның денесі туған жері – Жылыой ауданының Құлсары қаласына жеткізіліп, сол жерде жер қойнына тапсырылған.

Ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан ер адам аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан. Сот оны Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (“Кәмелетке толмағанды зорлау”) және 124-бабы 4-бөлігі (“Кәмелетке толмағанды азғындату”) бойынша кінәлі деп таныған. Ал жәбірленуші ретінде оның 5 және 8 жастағы өгей екі баласы танылған. Сот оған 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.