Атырауда баланы ұрып-соққан тәрбиеші 4 жылға сотталды

0
1 384

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан тәрбиеші балаға күш көрсетіп, бірнеше рет қол жұмсағанын байқауға болады. Тіпті, құлағын тартып, аяғын басып, итеріп жерге құлатады.


Атырауда баланы ұрып-соққан тәрбиеші 4 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Атырауда баланы ұрып-соққан тәрбиеші сотталды. Сот балабақшаның қатыгез қызметкеріне төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл оқиға 2019 жылы қоғамдық резонанс тудырған еді.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан тәрбиеші балаға күш көрсетіп, бірнеше рет қол жұмсағанын байқауға болады. Тіпті, құлағын тартып, аяғын басып, итеріп жерге құлатады. Жылаған бала қызметкерді құшақтағанымен, ол қол көтеруін тоқтатпайды.