Қуанышқа орай барлығы табылып, қорқып қалған ата-аналарына қайтып келді.
ERNUR.KZ. Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығын кең көлемде мерекелеу күндері полицияның стационарлық пунктіне өз балаларынан көзден таса қылып, баласын жоғалтып алған ондаған ата-ана жүгінді, деп жазады tengrinews.kz.
Жаппай мәдени шара негізінен Исатай-Махамбет алаңында өтті. Сол жердің өзінде бір тәулікте 93 бала жоғалып кеткен. Қуанышқа орай барлығы табылып, қорқып қалған ата-аналарына қайтып келді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, шілде айында ҚР ІІМ деректер базасына қол жеткізе алатын, кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге толық мүмкіндік беретін, заманауи жабдықтармен, "картамен" жабдықталған стационарлық полиция пункті ашылды.