Қауіпті індет 1987 жылы туылған ер адамнан табылды.
Теңіз кенішінде короновирустық инфекцияның тағы бір жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
Қауіпті індет 1987 жылы туылған ер адамнан табылды. Бұған дейін коронавирустық инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған.
Қазіргі уақытта қарым-қатынаста болғандар анықталып оқшауланған. Инфекция ошақтарында дезинфекция жұмыстарф жүргізілуде.
Осылайша, Атырау облысында короновирус инфекциясын жұқтырғандар саны 119-ға жетті. Дерттен айыққандар саны - 47.