Осы оқиғаға қатысқан тағы үш қатысушы болмашы ғана жарақаттар алып, ауруханаға жатудан бас тартты.
ERNUR.KZ. 31 қазанда шамамен 22:30-да Атыраудағы Еркінқала ауылының маңындағы Жайық өзенінде қатты жылдамдықпен екі қайық соқтығысты, деп жазады azh.kz
Соқтығысу нәтижесінде мотор қайығын жүргізушілердің бірі - 19 жастағы балықшы алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмды. Осы оқиғаға қатысқан тағы үш қатысушы болмашы ғана жарақаттар алып, ауруханаға жатудан бас тартты. Құқыққорғау органдары оқиға туралы әзірге комментарий берген жоқ.