Атырауда көше иттеріне таланған 13 жастағы қыз ауыр халде жатыр

0
674

Дәрігерлер 13 жастағы қыздың сол жақ иығы, беті, маңдайы мен параорбитальді аймағынан терең жара анықтады.


Атырауда көше иттеріне таланған 13 жастағы қыз ауыр халде жатыр

ERNUR.KZ. Атырауда төрт ит жасөспірім қызға шабуылдады. Қыздың жағдайы ауыр, деп жазады Stan.kz.

2008 жылы туған қыз облыстық балалар ауруханасына 13 желтоқсан күні сағат 19.50-де түскен, жағдайы ауыр.

Дәрігерлер 13 жастағы қыздың сол жақ иығы, беті, маңдайы мен параорбитальді аймағынан терең жара анықтады.

"Науқастың екі иығында, білегі, буындары мен санында терісі сыдырылған. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарланды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Басылымның хабарлауынша, биыл 11 айдың ішінде облыстық балалар ауруханасына жануарлардың шабуылына тап болған 380 бала келіп түскен. Олардың 152-сі көше иттерінің, 183-і үй иттерінің, 15-і көше мысықтарының, тағы 23-і үй мысықтарының талауына түскен.