Атырауда төбелестен кейін шенеунік комаға түсті

0
320

Жанжалға прокуратура қызметкері мен Атырау облысы МКД қызметкерлері қатысты болуы мүмкін екені айтылған.


Атырауда төбелестен кейін шенеунік комаға түсті

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Атырау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түсті, деп жазады tengrinews.kz.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары төбелес кезінде зардап шегіп, комаға түскені туралы ақпарат тарады. Оқиға 28 қаңтарда Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде болған деген болжам бар.

Жанжалға прокуратура қызметкері мен Атырау облысы МКД қызметкерлері қатысты болуы мүмкін екені айтылған.

Бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне жүгінді. Олар төбелеске прокуратура қызметкерінің қатысуына қатысты пікір білдірді.

"Атырау облысы Полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайларды, соның ішінде прокуратура қызметкерлерінің қатысын анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", – деп мәлімдеді Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әльмира Бекжан.