Атырауда зейнеткер балдызын пышақтап тастады

0
197

Отбасылық жанжал болып, 73 жастағы зейнеткер әйелге пышақ ала жүгірген.


Атырауда зейнеткер балдызын пышақтап тастады

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Атырау қаласы Геолог ықшам ауданында зейнеткер балдызын пышақтап тастады, деп жазады sputnik.kz.
Оқыс жағдай 17 қарашада болған. Отбасылық жанжал болып, 73 жастағы зейнеткер әйелге пышақ ала жүгірген.
"Жанжал салдарынан 59 жастағы әйел пышақ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері күдікке ілінген ер адамды жедел анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің туысы. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта "Адам өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.