Аурухана мен дәріхана чектерінде азаматтардың ЖСН-і көрсетілуі мүмкін

0
96

Қаржы министрлігінің сәйкес жобасы 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.


Аурухана мен дәріхана чектерінде азаматтардың ЖСН-і көрсетілуі мүмкін

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі бақылау-кассалық аппараттарды пайдалануға қатысты бұйрық жобасын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Құжатта чектерде пациенттің медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер бойынша ЖСН-і көрсетілетін міндетті жол қосылатыны айтылған.
"Бақылау-кассалық машиналарының чектерінде пациенттің ЖСН-ін міндетті түрде көрсету есебінен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын нысаналы және тиімді пайдалануды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ есеп айырысулардың ашықтығын арттыру және көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету күтілетін нәтиже болып табылады", - делінген бұйрықта.
Жоба 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
"Бақылау-кассалық машиналар чегінде пациенттің ЖСН көрсету тетігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бюджеттің қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылауға және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде чектер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.
Еске салайық, 2026 жылдың қаңтарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша қаржы министрлігінің құзыретіне берілді.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі 1 шілдеге дейін денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне біріктірілуі тиіс. Бұл қаражаттың ашықтығы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді", - деді премьер-министр.