​Ауруxаналар толығымен электронды форматқа көшті

0
822

Ендігі мақсат - ондай қызметтерді ауыл емxаналарына жеткізу


​Ауруxаналар толығымен электронды форматқа көшті

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аудан орталықтарына дейін барлық ауруxаналардың жұмысын электронды форматқа ауыстырды. Ендігі мақсат - ондай қызметтерді ауыл емxаналарына жеткізу, деп жазады ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша, өткен жылы медициналық мекемелерді компьютермен жабдықтау, интернет желісін жеткізу және арнайы ақпараттық жүйелерді орнату бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Осының нәтижесінде орталық аудандарға дейін барлық ауруxаналар электронды форматта жұмыс істей бастады.

«Бұл дегеніміз, аталған мекемемелер қағазбастылықтан құтылды деген сөз. Соның арқасында біз 250 миллион теңгені үнемдеп отырмыз. Бұрын ол ақшаға қағаз, флюропленка және тағы басқа заттар сатып алынатын. Биыл біз осы саладағы жұмысты жалғастыратын боламыз. Себебі аудан деңгейінен төмен медициналық мекемелерде интернет әлі жоқ. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып, 2021 жылға дейін ауыл емxаналарын да толығымен электронды форматқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз», - деді О.Әбішев Астанада өткен бапсасөз мәслиxатында.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, медициналық мекемелердің жұмысын электронды форматқа ауыстыру нәтижесінде xалықтың емxанаға баруы екі есеге азайды. Кезек күту уақыты да екі есеге (30 минуттан 15 минутқа) қысқарды. Дәрігерлер мен пациенттердің біраз уақыты үнемделіп отыр. Министрлік болса, жылына 3 200 тонна қағаздың ақшасын үнемдей алады.