Күдіктінің психикалық ауруға шалдыққаны туралы да қауесет бар.
фото: Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Жібек жолы ауылында төрт адамның өлімі бойынша ұсталған күдіктіге қатысты қосымша ақпаратты жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Астанаға жақын орналасқан ауыл тұрғыны төрт адамды өлтірді деген күдікке ілінген болатын.
"Күдікті бұрын сотталған. Қазіргі кезде сот санкциясымен екі айға қамауға алынды", - деді Әділов сенаттағы брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі кезде қылмыс орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Төрт адамның денесі идентификацияланды.
Айта кетері, әлеуметтік желіде ер адам әкесін, анасын, ағасы мен жиенін өлтіріп кеткені жайында ақпарат тараған болатын. Күдіктінің психикалық ауруға шалдыққаны туралы да қауесет бар. Әділов бұл ақпаратты растаған жоқ. Бәрін тергеудің соңында жариялауға уәде берді.


