Ауыр жүк көліктеріне Астанаға кіруге тыйым салынды

0
118

Енді транзиттік жүк көліктері тек Астана сыртындағы айналма жолмен ғана жүреді.


Ауыр жүк көліктеріне Астанаға кіруге тыйым салынды

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап ауыр жүк көліктеріне Астанаға кіруге тыйым салынды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл шешім қала әкімінің қаулысынан кейін қабылданды.
Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының схемасы мен тәртібін қала әкімдігі арнайы қаулымен бекітті.
"Транзиттік ауыр жүк көліктеріне қала аумағына кіруге тыйым салынады", - делінген қаулыда.
Құжат 10 тамыздан бастап күшіне енді.