Автобуста маска тақпаған жігіт кешірім сұрады (видео)

0
1 285

Бұл оқиға Алматыдағы №81 автобуста болған.


Автобуста маска тақпаған жігіт кешірім сұрады (видео)

ERNUR.KZ. Бұл оқиға 24 шілде күні Алматы қаласында болған. Журналист Динара Тұрсынова №81 бағыттағы автобуста жанында отырған жолаушыдан маска киюін өтінген. Алайда ер адам маска тағудан бас тартқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Автобуспен үйге қайтып бара жатқанда жаныма екі ер адам отырды. Оның бірі маскасыз екен. Мен одан маска тағуын өтіндім, алайда ол сөзіме күлім, дөрекі жауап берді», - деп жазды Динара Тұрсынова.

Осы жағдайға байланысты қалалық мобильділік басқармасы тексеру жүргізген. Басқарманың хабарлауынша, №81 автобус жүргізушісі салондағы дауды естіген, алайда еш шара қолданбаған.

«Жолаушылар тасымалының карантин кезіндегі ережелеріне сәйкес маска тақпаған жолаушыны автобус салонына кіргізбеуі тиіс. Сондықтан, еш шара қолданбаған автобус жүргізушісіне қатаң сөгіс жарияланып, шілде айындағы сыйақысы берілмейтін болды», - деді басқармадан.

Қалалық полиция департаменті маска тағудан бас тартқан және дөрекілік танытқан 28 жастағы жігітті ұстап, оған қатысты іс материалдары қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ҚР ӘқбК 425-бабымен тапсырылғанын хабарлады.

Ал, бүгін қоғамдық көлікте айналасындағылардың ескертуіне қарамастан маска тағудан бас тарқан алматылақ азамат кешірім сұрады. Оған 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.