Ол 2019 жылғы наурыз айынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат Әмірғалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған.
1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін және МВА Халықаралық бизнес мектебін бітірген.
1998 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2006-2009 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2009-2011 жылдары — "Альянс Банк" АҚ корпоративтік хатшысы. 2011-2019 жылдары — заң бөлімі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы, заң бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы.
2019 жылғы наурыз айынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.