Қазақстанда «Ұмытпаймыз! Білеміз! Жеңеміз!» республикалық науқаны басталды

0
1 618

Науқан кезінде ниет білдірген адамдар АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеуден өте алады, викторинаға қатыса алады және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға сұрақтар қоя алады.


Қазақстанда «Ұмытпаймыз! Білеміз! Жеңеміз!» республикалық науқаны басталды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасында ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың Халықаралық күніне арналған «Ұмытпаймыз! Білеміз! Жеңеміз!» атты республикалық науқан басталды. Науқан Алматы қаласындағы Республикалық ЖИТС орталығынан бастау алды,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу үшін, АИТВ індетіне тап болған адамдарға ниеттестігін білдіру үшін мемлекеттік, халықаралық, діни және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері, медицина қызметкерлері, студенттер, медиялық тұлғалар жиналды. «Ұмытпаймыз! Білеміз! Жеңеміз!» науқанының ұйымдастырушылары: ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық, Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, ЮНЭЙДС, Алматы қаласының ЖИТС орталығы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті, PSI.

- Біздің науқанның мақсаты - індет жалмаған адамдарды еске алу және жұртшылықты АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) қатысты шыдамдылықпен қарым-қатынаста болуға шақыру. АӨА-дың денсаулығын сақтау үшін бүгінгі таңда мемлекет оларға тегін негізде антиретровирустық терапия ұсынуда, емдеу сызбалары үнемі жақсартылып отырады, жаңа антиретровирустық препараттар сатып алынуда. Жылдан жылға ЖИТС-тен болатын өлім-жітімнің төмендеу тенденциясы нығайып келеді, – деді өз сөзінде ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин.

Қазақстанда АИТВ індетінің басталған сәтінен бастап ЖИТС-тен тоғыз мыңнан астам адам қайтыс болған. Дегенмен, індеттің алғашқы жылдарында АӨА-да дәрілерді таңдау мүмкіндігі болмағандықтан, медицина қызметкерлерінде абыржушылық орын алған сәттерде бір жылда 280 адам қайтыс болған, ал қазір түбегейлі шараларды қабылдау нәтижесінде ол қарқын айтарлықтай төмендеді. АИТВ жұқтырған балалар тек түпнұсқалық препараттарды қабылдайды. АИТВ-ның анадан балаға берілуін тоқтату үшін барлық жүкті әйел АИТВ-ға тестілеуден екі рет өту мүмкіндігіне ие. Ал тестілеу жасау елде тегін, ерікті, құпия, қалауы бойынша анонимді түрде жүргізіледі. Жыл сайын АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтіп жүрген қазақстандықтардың саны артуда. Індет шоғырланған сатыда тұр.

Науқан кезінде ниет білдірген адамдар АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеуден өте алады, викторинаға қатыса алады және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға сұрақтар қоя алады. Квилтті енгізу науқанға ерекше әсер берді. Барлық қазақстандықтың назарын осы проблемаға аудару үшін әрі қарай науқан елдің барлық аймағында өткізілетін болады.

Жыл сайын ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың Халықаралық күні мамырдың үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл күнді алғаш рет 1983 жылы Американың Сан-Франциско қаласында атап (WorldRemembranceDayofAIDSVictims) өтті. Бірнеше жылдан соң бұл ауруға қарсы қозғалыс белгілері пайда болды. Ол – киімге тағылған қызыл бау, сондай-ақ, мата кесінділерінен тігілген түрлі-түсті квилттер болды. Қазіргі уақытта ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың Халықаралық күнінде сол науқанның белсенділері мен бей-жай қарамайтын адамдар өздерінің киімдеріне қызыл бауды тағып алады.