​Қазақстанда тегін дәрілік қамтамасыз ету бойынша байланыс орталығы іске қосылды

0
1 344

Қазақстанда тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету сұрақтары бойынша (7172) 23 50 98 байланыс орталығы іске қосылды.


​Қазақстанда тегін дәрілік қамтамасыз ету бойынша байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанда тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету сұрақтары бойынша (7172) 23 50 98 байланыс орталығы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ baq.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, барлық қажеттілік қазірдің өзінде сатып алынған және емханаларға жөнелтілгеніне қарамастан, халықта дәрілік қамтамсыз етудегі үзілістер туралы сұрақтар әлі де туындап отыр. Контакт-орталығы әзірше пилоттық тәртіпте жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 тоқсанында еліміз бойынша барлық 404 медициналық ұйымға тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін 22,3 млрд. теңге сомаға дәрі-дәрмек жөнелтілді. Ағымдық сәттегі жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 атаудан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 430 түрін сатып алынған.

Иллюстрациялық сурет