Әзербайжан президенті қазақстандық фотографқа құрмет көрсетіп, орын тауып берді (ВИДЕО)

0
139

​Түркі мемлекеттері саммитінде болған сәт видеоға түсіп қалды.


Әзербайжан президенті қазақстандық фотографқа құрмет көрсетіп, орын тауып берді (ВИДЕО)

Көрнекі фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Әзербайжанның Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде ерекше жағдай болды. Президент Ильхам Әлиевтің қазақстандық фотографқа көрсеткен құрметі әлеуметтік желіде таралды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Президент Тоқаевтың фотографына орын босатты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке фотографы Аман Дүйсенбаев ресми суретке түсіру үшін ыңғайлы жер іздеп жүргенде, оған Ильхам Әлиевтің өзі орын тауып берді.

Әзербайжан президенті өзге фотографтарға қазақстандық әріптесіне жол беруді өтінді. Осыдан кейін Аман Дүйсенбаев Тоқаев пен Әлиевтің бір кадрдағы суретін түсіруге мүмкіндік алды.

Бауырластық кадрда көрініс тапты

Видеоны жариялаған автор Instagram парақшасында былай деп жазды:

«Бауырластық объективте. Президент Әлиевке шынайы ризашылық білдіремін, бұл символдық әрі жылы қадам болды», - деді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Габаладағы конгресс-орталықта Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитіне қатысты.