Backstreet Boys тобы Астанадағы Бейбітшілік пен келісім саябағында ағаш отырғызды

0
94

20 кыркүйекте паркте сенбілік өтіп, оған қалаға концерт қоюға келген әйгілі Backstreet Boys тобы қатысты.


Backstreet Boys тобы Астанадағы Бейбітшілік пен келісім саябағында ағаш отырғызды

фото: Пресс-служба акима Астаны

ERNUR.KZ. Астана әкімдігі Бейбітшілік пен келісім саябағы ресми түрде ашылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

20 кыркүйекте паркте сенбілік өтіп, оған қалаға концерт қоюға келген әйгілі Backstreet Boys тобы қатысты.

"Таза Қазақстан" экологиялық айлығы аясында мұнда сенбілік ұйымдастырылып, оған аңызға айналған Backstreet Boys тобы да атсалысты", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Музыканттар экологиялық бастаманы жылы қабылдап, жасыл қала құру ісіне өз үлесін қосуға қуана келісім берді.

Бейбітшілік пен келісім саябағы – конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға арналған бірегей кеңістік. Мұнда "Жұлдызды аспан" туннелі, "Өмір ағашы" ескерткіші мен сатылы сарқырама орналасқан.

Әкімдік мұндай акциялар бүкіл әлем халқын біріктіретін ортақ құндылық екенін еске салды.

Айта кетері, елордада 13 қыркүйек пен 11 қазан аралығында дәстүрлі "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық айлығы өтіп жатыр.