Ауыр класты зымыран сәтті ұшырылды.
Фото: Роскосмос
ERNUR.KZ. Иранның Jam-e Jam 1 телекоммуникациялық спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран-тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.
Жаңалықты ирандық БАҚ-тар жарыса жазды. Себебі, бұл аппарат Иран үшін геостационарлық орбитада қоғамдық телехабар таратуға арналған алғашқы спутник болып саналады. Jam-e Jam 1 ирандық мемлекеттік теледидардың хабар тарату құрылымында маңызды рөл атқарады деп күтілуде.
"Протон-М" ауыр класты зымырандарға жатады. Ол автоматты ғарыш аппараттарын Жер маңындағы орбитаға шығару, сондай-ақ алысырақ ғарыштық траекториялар бойынша ұшыру үшін қолданылады.


