​Байқоңырда полицейді тістеп алған азамат үш жылға сотталмақшы

0
1 115

Енді ол үш жыл бас бостандығынан айырылмақ.


​Байқоңырда полицейді тістеп алған азамат үш жылға сотталмақшы

ERNUR.KZ. Байқоңырда полицейді тістеп алған қала тұрғыны үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы кешен прокуратурасына сілтеме жасаған NUR.KZ. хабарлайды.

Мекеме ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшылары заң бұзған 25 жастағы мас азаматты ұстаған.

Ол ауруханаға жеткізілген соң полицейлердің біреуін тістеп алыпты.

Прокуратурада анықталғандай, жас жігітке билік өкілдеріне қарсы күш қолданғаны үшін қылмыстық іс ашылған.

Енді ол үш жыл бас бостандығынан айырылмақ.