Бақылаушылар сайлауда қандай заңбұзушылықтар болғанын айтты

0
1 019

​"Аманат" азаматтық формасы сайлау күні 18 күрделі заңбұзушылықты анықтаған.


Бақылаушылар сайлауда қандай заңбұзушылықтар болғанын айтты

ERNUR.KZ. "Аманат" азаматтық формасы сайлау күнгі жұмыстарының аралық қорытындысымен бөлісті, деп жазады nur.kz.

Азаматтық платформа жетекшісі Мұрат Әбенов сайлау учаскелерінде бір жарым ай бойы топтың атынан 11045 бақылаушы жұмыс істегенін айтады.

"Талай сайлауды көріп келеміз. Биылғысы ерекше болды. Азаматтардың саясатқа қызығушылығы артқанын байқадық. Сын көзбен қарайтын адамдарды көп кездестірдік. Негізі біз заңбұзушылықтарды көзге шұқып көрсетуден бұрын, оның себептерін анықтап, алдағы уақытта болдырмаудың жолын қарастырдық.

Кемшіліктер мен заңбұзушылықтар болды. Әлі де жинақтап, топтастырып жатырмыз. 18 күрделі заңбұзушылық анықтадық. Бюлетеньдерді топтаған 8 оқиға тіркелді. Сондай-ақ, 165 ауызша ескерту жасалып, сол сәтте жойылды", - дейді ол.

Платформа мүшесі Шыңғыс Лепсібаевтің сөзінше, бюлетеньдерді топтап тастау ШҚО, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында орын алған.

Топтың тағы бір мүшесі Әкім Тұрсынның дерегінше, аталған заңбұзушылықтар тез арада анықталып, жолы кесілген.

"Біз анықтаған деректердің барлығында бюлетеньдердің топтап тасталуына жол берілген жоқ. Ол оқиғалар бойынша да акт толтырылып, құзырлы органдарға берілді. Егер заңсыздықтар дәлелденсе, жауапты адамдар заң алдында жауап береді", - дейді Әкім Тұрсын.