Бақытгүл Хаменова тағы да тергеу изоляторынан үй қамаққа жіберілмеді

0
528

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырыс қайта жалғасты.


Бақытгүл Хаменова тағы да тергеу изоляторынан үй қамаққа жіберілмеді

ERNUR.KZ. Бақытгүл Хаменова тағы да тергеу изоляторынан үй қамаққа жіберілмеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырыс қайта жалғасты.

Сот отырысында адвокат Игорь Вранчев тергеу изоляторында отырған Бақытгүл Хаменованың бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ауыстыруды сұрады.

«Адам бостандықта өзін жақсы сезіне ме, білмеймін. Бірақ түрмеде күткен әр сағат, әр сәт – адамның тағдыры. Сондықтан, мен адвокатымның дәлелдерімен келісемін», -деді Бақытгүл Хаменова.

Алайда, прокуроратура өкілі Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс ауыр құқық бұзушылық ретінде сараланғандықтан, бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Сот Бақытгүл Хаменоваға тағылған айыптың ауырлығын ескеріп, адвокаттың өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Бақытгүл Хаменова былтырғы желтоқсаннан бері тергеу изоляторында отыр. Оған қатысты сот отырысы 11 тамызда басталды.

Қазір оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Бұған дейін Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Ол биылғы тамызда облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Сот отырысы 6 қыркүйекте қайта жалғасып, Бақытгүл Хаменова қателік жібергенін айтты.

Бұдан бұрынғы сот отырысында басқарма басшысы оған жала жапқаны туралы айтқанын хабарлаған едік.

Енді сот отырысы 27 қазанда жалғасады.