Бақытжан Сағынтаев өңірлердегі кемшіліктерді саралады

0
1 273

Сағынтаевтың айтуынша, бірқатар минстрліктер мен әкімдіктерде кемшіліктер бар


Бақытжан Сағынтаев өңірлердегі кемшіліктерді саралады

фото:ҚазАқпарат.

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев экономикалық өсім бойынша өңірлердің кемшіліктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша өсім 4 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш белгіленген меже қалпында, сол себепті осы бағыттағы жұмыстарымызды ары қарай жалғастыруымыз керек», - деп тоқталды ол. Үкімет басшысының пайымынша, жоспарлаған көрсеткіштерге жету ұсыныстарында кейбір министрліктер мен әкімдіктер тарапынан кемшіліктер бар.

«Бүгін баяндалған облыс, қала басшылары құрылыс пен өндіріс бойынша ай сайынғы айтатын уәждерін қайталады, өзгеріс жоқ. Егер де біз бір кәсіпорынға немесе бір ғана кәсіпорынның істеген жұмысына тәуелді болсақ жұмыс өнбейді. Сондықтан да бұл мәселе бойынша ай сайын ішкі талдау жасай отырып, тиісті есептеулер жүргізу қажет. Сіздердің баяндамаларыңыздан көріп отырғандай, ондай сараптама байқалмайды. Яғни, төмен көрсеткіштер ай сайын өзгеріссіз қалып отыр. Сол себептен, Инвестициялар және даму, Энергетика министрліктері мен басқа да салалық ведомстволар, сондай-ақ өңірлер ел экономикасының өсімін қамтамысыз ету бойынша тиісті шараларды іске асыруы қажет», - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әрбір өңірдегі экономикалық өсім мәселелерін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

«Елбасының жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу туралы міндеттерін орындау үшін ай сайын әрбір өңірде экономиканың барлық салалары бойынша тиісті өсім болуы керек. Экономика салаларындағы өсімді қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар жүйелі жұмыстарды күшейтуі тиіс. Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысының бірінші орынбасары А. Мамин- авт.) бұл бағыттағы шараларды бақылауға алыңыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы қаңтар-шілде айларында елімізде жалпы ішкі өнімнің өсуі 4 пайызды құрады.