«Бала Шалқар ауылында тұрады»: емші ішінен «жын қуған» қыздың ата-анасын полиция шақыртты

0
233

​Анасы баласын емшіге көрсетуге Алматы облысындағы Шалқар деген ауылдан алып келген.


«Бала Шалқар ауылында тұрады»: емші ішінен «жын қуған» қыздың ата-анасын полиция шақыртты

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Анасы шайтан қуғыш емшіге ертіп әкелген 9 жастағы қыз бала Алматы облысындағы Шалқар деген ауылдың тұрғыны болып шықты. Бұл туралы өңірдің білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Емші баланы Алматы қаласы Алатау ауданында қабылдаған, сол себепті ата-ананы Алатау полициясы шақырған. Қазір сол жерде. Олар Қарасай ауданы Шалқар ауылының тұрғындары», - деп жауап берді басқармадан.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда емші Кейқуат Оспановқа әйел адам кәмелетке толмаған қызын алып келген. Айтуынша, кішкентай қызы ересек адамның қылығын жасайтын көрінеді. Емші қыз баланың ішіне «жын кірген» деп шешіп, оны шығармақ болған. Баланың қолын байлап, тамағынан қысып, өзінің білетін емін жасаған. Azattyq Rýhy тілшісі Кейқуат Оспановтың өзімен сөйлесіп, оның емдік шара жүргізуге рұқсаты бар-жоғын анықтамақ болды. Емші «Сақтар» рухани халықтық медицина орталығы мекемесінен лицензия алғанын айтты және өзінің бұрын кезекші молда болып Атырау облысының мешіттерінде қызмет еткенін мәлімдеді. Алайда оның емші деген сертификатының ғана бары және мешітте имам емес, күзетші болып болып жұмыс істегені анықталды.

Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қыз баланың жағдайы бірқалыпты.