Балабақшадағы оқиғаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр

0
839

Алматыдағы балабақшада бірнеше бала өз қатарласын аяусыз ұрып тастаған.


Балабақшадағы оқиғаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда №51 балабақшадағы оқиғаға байланысты полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр, деп жазады baq.kz.

3 жасар баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.

Сондай-ақ полиция департаменті балабақшада болған оқиғаға байланысты құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Алматы қалалық полиция Департаменті, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау дерегіне бойынша қылмыстық іс тергелуде деп хабарлайды. Балабақша қызметкерлері мен ата-аналардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, – дейді департамент баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматыдағы балабақшада бірнеше бала өз қатарласын аяусыз ұрып тастаған.