Балаева: Қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылады

0
861

Хабар" арнасының "Бірақ" отбасылық ток-шоуында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелге арналған бағдарлама көрсетіліп, ол әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған болатын.


Балаева: Қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылады

"Хабар" телеарнасындағы қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылатын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Аида Балаева facebook парақшасында жазды.

"Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.

Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты.
Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді.
Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді.
Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады" - деп жазды Балаева.

Айта кетейік, "Хабар" арнасының "Бірақ" отбасылық ток-шоуында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелге арналған бағдарлама көрсетіліп, ол әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған болатын.