Балаева Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

0
434

Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді.


Балаева Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайраттың ұсталғанына қатысты пікір білдірді, деп жазады baq.kz.

Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын, - деп жазды министр.

Еске салсақ, Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.